Футболдан «Астана» командасы хорватиялық «Динамодан» жеңіліп қалды

1 049

 Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Хорватиялық клуб - тәжірибелі ұжымдардың бірі. 1990 жылдан бері өз елінде 24 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Еурокубок ойындарына бірнеше мәрте қатысқан.


Сондықтан «Астана» үшін бұл кездесу оңайға соқпайтыны белгілі еді. Нәтижесінде олардың қатарынан Бруно Петкович 38-минутта есеп ашса, одан кейін Лука Иванушеец 41, 43, 56-минуттарда үш мәрте мергендік танытты.


Осылайша «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.


Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызға белгіленген.


Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.


Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.