Футзалдан Қазақстан құрамасы сенсациялық жеңіліске ұшырады

2 175

Фото: kff.kzФутзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу аясында Вьетнамнан тас талқан жеңілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жолдастық кездесу Вьетнамның Хошимин қаласында өтті. Бұл матчта Қазақстан құрамасы анық фаворит саналған еді.

Ойынның 14-минутында Вьетнам құрамасы таблода есеп ашты. Алғашқы кезеңде тек бір гол соғылды.

Екінші кезеңде қазақстандықтар таразы басын теңестіре алды. Матчтың 33-минутында Ержан Карменов гол соқты. Одан кейін алаң иелері Қазақстан қақпасына үш гол салды. Қорытынды есеп 4:1. Осылайша Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.