Қазақстан экономикасы 6,3 пайызға өсті

2 322

Фото: BAQ.KZҰлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ды құрады. Қаңтар-тамызбен салыстырғанда шамалы баяулау байқалады. Нақты сектордағы өсу 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі ең жоғары өсуді көрсетті. Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға ұлғайды. Жалпы ішкі өнім өсуінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік қызметтері қамтамасыз етті", – деді вице-министр.

Азамат Әмриннің сөзінше, инвестициялар өсімнің факторы болып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға артып, 13,8 трлн теңгеге жетті.

"Оның ішінде жеке инвестициялар 7,8%-ға өсті. Қаржы қызметіне жалпы инвестициялар 2 есеге, білім беруге – 1,8 есеге, өңдеу өнеркәсібіне – 30,7%-ға, ауыл шаруашылығына – 21,1%-ға, көлік қызметтеріне 14,8%-ға ұлғайған. Инвестициялардың ең жоғары өсуі Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды", – деді Ұлттық экономика вице-министрі.

Инвестициялардың төмендеуі Атырау облысында тіркелген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.