Солтүстік қазақстан облысында жыл басынан бері ішек инфекциясын жұқтырудың 100-ден астам жағдай тіркелді

2 528

Фото: pixabay.comСолтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті су тасқыны кезеңінде күшейтілген режимде жұмыс істеп, эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев брифингте қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Облыста жіті ішек инфекцияларымен және А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдай тұрақты. Су тасқынына байланысты өсу байқалмайды.


«Күн сайын жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, А гепатитінің, аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Соңғы 3 айда облыста А гепатитінің 3 жағдайы тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңінде де 3 адам ауырған еді. Сырқаттанғандардың барлығы – ересектер. Жіті ішек инфекциясы бойынша барлығы 103 жағдай тіркелді, оның 54-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында болды, балалардың ауыруы екі есе өскен. Бұл маусымдық көбею», - дейді Әсет Жұматаев.


Маманның айтуынша, А гепатиті көбіне су арқылы жұғады. Сондықтан дәрігер халыққа осы инфекцияға қарсы екпе алуды ұсынады. Екпе жоспарлы түрде 2 және 2,5 жаста тегін, тұрғылықты жері бойынша емханада қойылады, вакцина жеткілікті мөлшерде бар. Осы жаста вакцина алмағандардың 18 жасқа дейін тегін вакцина алу мүмкіндігі бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.