Отандық дәрігерлер алғаш рет жұлындағы қатерлі ісікке ота жасады

550
Алматыдағы қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері интраоперациялық нейромониторинг жүйесінің көмегімен тұңғыш рет ерекше ота жасап, жұлындағы қатерлі ісікті алып тастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аурухананың нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, аталған әдіс операция кезінде пациенттің жүйке жүйесін зақымданудан барынша қорғайды.

Сонымен қатар, нейрохирургтің ота барысында жасалатын манипуляцияларды бастан-аяқ бақылап отыруына мүмкіндік береді.

«Операция алдында біз науқастың бұлшық еттеріне және организмнің функционалдық маңызы бар аумағына арнайы электродтар орнатамыз. Кейін оларды интраоперациялық нейромониторинг жүйесіне қосамыз. Сол арқылы операция барысын толық бақылауда ұстаймыз. Бұл жүйе манипуляция барысында жүйке жүйесінің зақымдануына жол бермейді», - дейді дәрігер.

Жоғары технологиялы операция науқастың 6 және 7-ші омыртқа бөлігіне жасалды. 

«Екі сағатқа созылған ота сәтті өтті. Пациенттің қалыпты өмірге қайтып оралуға толық мүмкіндігі бар. Айта кетейін, ұлындағы ісік салдарынан жүйке қызметі бұзылады. Әдетте, аяқ-қолда әлсіздік пайда болады, сезімталдығы жойылады, жамбас пен жыныстық органдардың функциясы бұзылады», - деді Марат Алматов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.