Сыр өңірінде жыл басынан бері қызылша ауруының 37 жағдайы тіркелген

39

Қызылорда облысында жыл басынан бері қызылша ауруының 37 жағдайы тіркелген, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.

Биылғы жылдың 18 шілдесіне дейінгі жағдай бойынша облыста лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 37 жағдайы тіркелді.

«Оның ішінде 81 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталса, қалған ересек тұрғындар арасында тіркелген.

Қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі қызылшаға қарсы вакцина алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 51,3 пайызын құрады», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Мамандар қызылшадан ең тиімді қорғану жолы – уақтылы вакцинация алыу екенін айтады. Ол Ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілген, екпе тегін жіргізіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.