Шымкент қайтадан "қызыл" аймаққа өтті

385

Фото: Денсаулық сақтау министріКоронавирустың таралу көрсеткіші бойынша екі күн "сары" аймақта болған Шымкент қайтадан "қызыл" аймаққа енді. Ал Қостанай облысы "жасыл" аймаққа көшкен. 

Мұндай мәліметтерді COVID-19 дертінің талауына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті. 
ВАК мәліметтеріне сенсек, 28 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің өңірлері коронавирус дертінің таралу көрсеткішіне байланысты келесідей аймақтарға бөлінді:

"Қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сонымен қатар Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс
Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары;

"Сары" аймақта - Алматы облысы және Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары; 

"Жасыл"аймақта - Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында аймақтың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланғанын жазған едік. Оған сәйкес облыстың әкімшілік орталығы - Таразда карантин күшейтіледі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.