Қазақстандықтар санаторийде емделу үшін қажетті медициналық қорытындыны ЕGov порталынан ала алады

1 375

Енді қазақстандықтар ЕGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Азаматтар «Санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру» қызметінің арқасында санаторий-курорттық емделуге қорытынды алу үшін электрондық өтінім бере алады. Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшімесі болуы қажет», - делінген порталдың ресми сайтында жарияланған хабарламада.


Ал, алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту қызметін мына санаттағы азаматтар ала алады:


  • дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;
  • қызмет көрсету саласының қызметкерлері (монша, сауна, шаштараз, сұлулық салондары, кір жуатын орындар, химиялық тазалаушылар), бассейндер мен гидропатиялар, балшық ванналар, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;
  • қан қызметі ұйымдарының медицина мамандары, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдер мен медицина қызметкерлері;
  • мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;
  • жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері (темір жол вокзалдары, аэровокзалдар, әуежайлар, теңіз және өзен станциялары, автовокзалдар, метрополитендер);
  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;
  • жалпы білім беретін мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткерлер, студенттер.


«Бұл қызметті алатын азаматтарға №075-у нысанында берілген медициналық анықтама (дәрігердің консультативтік қорытындысы) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап нысанында электрондық құжат «Жеке кабинетке» жолданады». Өтінімді өңдеу туралы хабарлама eGov.kz порталының «Жеке кабинетінде» 30 минут ішінде шығады», - деп жазылған ЕGov.kz портылының хабарламасында.