Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

2 562

Фото:© Астана қ. әкімдігіӘлем бойынша 19-25-ші сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы шараның ұраны - «Вакциналар әрбір ұрпаққа пайдалы». Осыған орай Астанада тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыруға және вакцинацияға деген сенімді нығайтуға бағытталған кешенді іс-шаралар өтіп жатыр, Вакцинация тек медициналық шара ғана емес, ол – балалардың дені сау болып өсуіне, ересектердің белсенді өмір сүруіне және егде жастағы адамдардың қауіпсіз әрі ұзақ өмір сүруіне ықпал ететін маңызды қадам. 

Апталық аясында елордадағы медициналық ұйымдар мен қоғамдық орындарда түсіндіру мақсатында кездесулер өткізіліп, тұрғындар вакцинацияға қатысты сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар фото және арт-көрмелер ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының мамандарының бейнеүндеулері ұсынылмақ.

Іс-шараларға Еуропа Одағының елшілері де қатысады, бұл бастаманың халықаралық маңызын және қоғамдық денсаулықты нығайтудағы рөлін көрсетеді. Аталған шаралар Астана қаласының әкімдігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп өткізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.