Елордада 11 жаңа медицина нысаны бой көтермек
Астананың денсаулық сақтау басқармасы алдағы 4 жылда 11 медициналық нысан салуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпаратагенттігі.
Мәселені шешу мақсатында бірқатар медициналық ұйымның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, 2 перинаталдық орталық, заманауи көпбейінді жаңа аурухана, 6 жаңа толыққанды емхана (оның ішінде 2 мемлекеттік), сондай-ақ 2 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы салу көзделген.
Осы жылдың мамыр айында №2 Көпбейінді қалалық аурухана жанындағы қабылдау-диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталады. Бұл тек екі корпусты біріктіру ғана емес, ірі флагмандық медициналық орталық құру.
Кешен құрамында көпфункционалды жансақтау бөлімі, кеңейтілген қарқынды терапия палаталары, жоғары технологиялық диагностика және емдеу әдістері қарастырылған.







