Терең күйіктерді емдеудің жаңа тәсілдері
Күйік шалған баланы қалай емдеу керек? Түркияның білікті комбустиологтары мен хирургтары осы жайында шеберлік сабағын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жыл басынан бері күйік шалған екі мыңға жуық бүлдіршін түскен. Олардың тең жартысына операция жасалып, ауруханаға жатқызылған. Басым бөлігі ыстық суға түсіп, қызып тұрған затты ұстап алған. Түркиядан келген мамандар терең күйіктерді емдеу, тері пластикасы және бүлінген теріні хирургиялық жолмен түзету тәжірибелерімен бөлісті. Олар бес күн бойы алматылық хирургтармен бірге операция жасайды.
- Бұл кісілер бізге өз елінен біздің ауруханаға сыйлық ретінде екі жабдық әкеліп берді. Өте қымбат жабдық. Осы қазіргі замануи жабдықтарына қарағанда бұлардың эстетика жағынан, операция кезінде және операциядан кейін кезеңнің мерзімі азаяды. Косметикалық жағынан өте маңызды роль атқарады, дейді Раджа Жұмаділдаев, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы күйік шалу бөлімінің меңгерушісі
- Балаларды күйік шалу бүкіл әлемде жиі болады. Мысалы, Түркияда оның алдын алуға шама жетпей тұр. Күйік тек денеде тыртық қалдырып қоймай, психологиялық жарақат та қалдырады. Себебі әр тексеру кезінде күйік алған сәті еске түсіп, психологиялық күйзелісті қайта бастан кешіреді, деді Эмрах Шенел, балалар хирургы /Түркия.







