Дәмханадан тамақтанған тұрғындар жаппай уланды

241

Фото: https://www.istockphoto.com/photo/Түркістан облысында мерзімі өткен өнімдердің кесірінен тұрғындар жаппай уланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, дәмханада фастфуд пен ролл жеген үш адам уланған. Тағы бес тұрғын бұл дәмханадан тамақ тапсырыс бергені анықталды. Оларға "ішек инфекциясы" диагнозы қойылған. 

"Нысанды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тексерген кезде бірқатар кемшілік анықталған. Өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болмаған, ірімшік пен шұжық өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Сонымен қатар қызметкерлер мерзімді және профилактикалық медициналық тексеруден өтпеген, жұмысқа рұқсат қағазы болмаған",делінген хабарламада.



Дәмхана иесіне 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегені үшін хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.