Павлодар облысында төрт оқушы тамақтан уланып, ауруханаға түсті

281

Фото:https://novorab.ru/2021/02/08/skoraya-pomoshh-novorossijska-snova-stala-skoroj/Павлодар облысы Шабақты ауылында тамақтан уланған төрт оқушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап.

"Шабақты ауылында №2 жалпы білім беретін мектептің оқушылары 9 қыркүйек 09:00-ден бастап аудандық ауруханаға түсе бастады. Соңғысы медициналық көмекке кеше жүгінген. Балалар құсу, іш ауру, диарея мен дене температурасының көтерілуіне шағымданды. Алдын ала диагноз "астан улану", – делінген Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарламасында.


Уланған оқушылар 0-9 сынып аралығында оқиды. Бес бала үйден ем қабылдап жатыр. Төрт оқушы Павлодар облыстық инфекциялық балалар ауруханасына жатқызылған. Олардан ShigellaSonne анықталды. 
Санитар дәрігерлердің мәліметінше, оқушылардың барлығы мектеп асханасында тамақтанған. Қазір жоспардан тыс тексеріс басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.