Екі жылда дәрігер тапшылығы 20%-ға қысқарған

2 527

Фото: ©ДСМҚазақстанда соңғы екі жылда медицина кадрларының тапшылығы 20%-дан астамға азайды, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде дәрігерлер тапшылығы 20,4%-ға, ал орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 13%-ға төмендеді. Сонымен қатар, соңғы бес жылда медицина қызметкерлерінің шетелге кету көрсеткіші шамамен 5 есеге қысқарған. Министрліктің дерегінше, бұл нәтижелерге медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу, оларға қарсы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық өзгерістер оң әсер еткен.

Бұдан бөлек, ауылдық жерлерде кадр тапшылығын азайту мақсатында бірқатар ынталандыру шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, тапшы мамандықтар бойынша жұмысқа келген мамандарға 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни шамамен 8,5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар алдағы уақытта да медицина саласына білікті кадрларды тартуға және олардың ел ішінде тұрақтап қалуына ықпал етеді.

Бұдан бөлек, медицина қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы төлеу, коммуналдық шығындарды өтеу сияқты қосымша қолдау шаралары енгізілген, - деп жазды ведомстводан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.