ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕН ВЕНГРИЯ ЕЛШІСІ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2 716

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесуі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде ағымдағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, атап айтқанда, бұл медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамытуға, мамандарды оқыту мен даярлауға, тәжірибе алмасуға және өзара іс-қимылдың басқа да аспектілеріне қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша заманауи технологиялар мен шешімдерді енгізу, медициналық кадрларды даярлау сияқты бағыттарда ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Венгрия арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық келісімге қол қою мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар МСАК елдерінің коалициясын ілгерілету мәселелерінде ортақ түсінік тауып, Венгрияның денсаулық сақтау өкілдерінің осы халықаралық платформа құрамына кіруін қолдады.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.