Қызылордалықтар медицина саласына наразылық білдіруде
1 532
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видео медицина саласындағы шикіліктің бар екендігін тағы бір дәлелдегендей, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әкесінің сырқатына тиісті ем қондыра алмаған дәрігерлерге қала тұрғыны Алтынбек Жакупов наразылығын білдірді. Ол өзінің Facebook жеке парақшасында медицина саласындағы жауапсыздығы мен салғырттығының салдарынан науқастардың аш күйінде жатқандығын жазған болатын.
[leech=https://opennews.kz/index.php?do=go&url=aHR0cHM6Ly93d3cuZmFjZWJvb2suY29tLzEwMDAxMDg2MDk2NTY0MS9wb3N0cy8xNTk0ODMwNTEwODg4OTY2Lz9kPW4%3D]https://opennews.kz/index.php?do=go&url=aHR0cHM6Ly93d3cuZmFjZWJvb2suY29tLzEwMDAxMDg2MDk2NTY0MS9wb3N0cy8xNTk0ODMwNTEwODg4OTY2Lz9kPW4%3D[/leech]
Алтынбектің сөзіне сүйенсек науқастың дертіне шипа беретін жергілікті ақ халатты абзал жандарымыз бүгінде адам болатын және болмайтын типтік режиміне көшкен бе? Науқас өлім аузында жатса арпалысатын дәрігерлердің қалмағаны ма? Жедел жәрдем қызметінің науқастың қант диабетінің жоғары екендігін біле тұра, ауруханаға апармағандығына кім жауапты?
Алтынбектің айтуынша, «Облыстық Медицина Орталығында» «Терапия» бөлімшесінде бірер күннен соң жағдайы күрт нашарлаған әкесін «Реанимация» бөліміне ауыстырған. Емдеуші дәрігер рұқсатын алған анамыз күндіз әкемізге қарасу үшін кіретін, деді.
Расында Алтынбектің әлеуметтік желіге жариялаған ақпараты халық арасында қызу талқыға түсті. Солардың бірі:
Алайда, аурухана ішіне тамақтың тасымалданып келетіндігі белгілі болды. Жарияланған бейне жазбада асхана қызметкерлерінің бірі тамақ
жетіспеушілігі орын алған тұста сорпаға су құя сал деп айтқан сөзін аңғаруға болады.
Аталмыш мәселе бойынша «Облыстық медицина орталығына» хабарласып, бүгінгі түскі тамақ тарату уақытында көтерілген мәселенің ақ-қарасын ашуда атсалысуын сұраған болатынбыз. Бірақ, аурухана тарапынан түсірілім жүргізу барысына эпидемиолог дәрігердің қарсылық танытқанын алға тартты.
Халыққа түсіндірме жұмыстарын өзіміз әлеуметтік желіге жариялаймыз деген облыстық аурухана мамандары
«Көп бейінді облыстық ауруханасы» дайын диеталық тағамдар сатып алу қызметі тәсіліне ауыстырылған. Науқастарға тамақты әлеуетті өнім беруші «GOLD STEEL» ЖШС өз базаларында дайындап арнайы ыдыста жеткізуде. Тамақ жеткізу қызметінің алғашқы күні болғандықтан бірінші күні тағам жеткізу уақыты шамамен 30-40 минут кешіккен. Қазіргі таңда жағдай қалпына келтіріліп, уақытылы жеткізілуде. Шағымдағы айтылған науқастың қасында жатқан екі науқастардың айтуы бойынша аш қалу, нан жетіспеу оқиғасы орын алмаған.», деп ресми ақпарат жариялаған болатын.
Арнайы ыдыс деп таныған дүниеміз барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра көненің көзі болған алюминді фляга болғаны ма? Сұраққа жауап алу үшін «Көп бейінді облыстық ауруханасы»КМК қанша мәрте хабарлассақ та, хатшы: басшылықтың жауап бере алмайтындығын және жоқ екендігін алға тартты.
Расымен денсаулық саласына наразылығын білдіріп, түрлі қаламыздағы емханалар мен ауруханаларға шағым білдіріп жүрген халықтың қарасы азаяр емес. Мәселенің орын алғанымен шешімі шығып, халық игілігі үшін қолдау тапқан кездері де шамалы. Алайда, халық алғысынан гөрі, наразылығы басым болған Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басшысы бақылауға алып, әрбір көтерілген мәселенің шешімі шығып жатса нұр үстіне нұр болары анық. Денсаулықтың қадірін жаралы болғанда білерсің, демекші бүгінгі күні дертіне шипа іздеген жерлестеріміз шет ел асып, ем іздеп жүрген жәйі бар.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Әуелі «Мүгедектер Оңалту Орталығына» жатқызылған болатын. Алайда, әкеңіздің жағдайы өте нашар «Жедел Жәрдем» шақырғанбыз алмай кетті. Олар адам болмайды деп, әкемді оңалту орталығына тастап кеткен»
- деді Алтынбек Жакупов.
- деді Алтынбек Жакупов.
[leech=https://opennews.kz/index.php?do=go&url=aHR0cHM6Ly93d3cuZmFjZWJvb2suY29tLzEwMDAxMDg2MDk2NTY0MS9wb3N0cy8xNTk0ODMwNTEwODg4OTY2Lz9kPW4%3D]https://opennews.kz/index.php?do=go&url=aHR0cHM6Ly93d3cuZmFjZWJvb2suY29tLzEwMDAxMDg2MDk2NTY0MS9wb3N0cy8xNTk0ODMwNTEwODg4OTY2Lz9kPW4%3D[/leech]
Алтынбектің сөзіне сүйенсек науқастың дертіне шипа беретін жергілікті ақ халатты абзал жандарымыз бүгінде адам болатын және болмайтын типтік режиміне көшкен бе? Науқас өлім аузында жатса арпалысатын дәрігерлердің қалмағаны ма? Жедел жәрдем қызметінің науқастың қант диабетінің жоғары екендігін біле тұра, ауруханаға апармағандығына кім жауапты?
Алтынбектің айтуынша, «Облыстық Медицина Орталығында» «Терапия» бөлімшесінде бірер күннен соң жағдайы күрт нашарлаған әкесін «Реанимация» бөліміне ауыстырған. Емдеуші дәрігер рұқсатын алған анамыз күндіз әкемізге қарасу үшін кіретін, деді.
«Аурухананың ішінен шыққан анам көзіне жас ала, әкемнің жанында жатқан науқастардың аш екендігін жеткізді. Тіпті, әкемнен қалған нанды сұрап, тамақты таласып жегендерін жеткізді», - дейді Алтынбек.