Президент медицина қызметкерлеріне референдумдағы белсенділігі үшін алғыс білдірді
Ақордада өткен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан дәрігерлер мен медицина мамандарына ерекше ризашылығын жеткізген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Президент өз сөзінде ел дамуының жаңа кезеңіне тоқталып, қоғамда ауқымды өзгерістер жүріп жатқанын атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттің басты мақсаты – жас ұрпақ үшін қуатты әрі берік мемлекет қалыптастыру.
Мемлекет басшысы наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтардың жоғары белсенділік танытқанын ерекше атап өтті. Оның ішінде медицина саласының қызметкерлері де елдік іске белсене атсалысқан.
"Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты", – деді ол.
Президенттің айтуынша, халықтың бірлігі мен жауапкершілігі ел болашағына бағытталған маңызды қадамға жол ашты.







