Мектептер мен ЖОО-да коронавирус шектеулері алынып тасталды
425
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова еліміздің білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты жаңа қаулыны бекітті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
“Жасыл" және "сары" аймақтарда:
"Ashyq" мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
Әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар;
Сонымен қатар, күн сайынғы "кіру" сүзгісіне де (жанаспайтын термометрмен термометрия) талап алынып тасталсын;
“Сондай-ақ "Ashyq" мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрия жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін”, – делінген қаулыда.
Дегенмен бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілгендей "Ashyq" жүйесі қолданыстан мүлдем алынбайды.
Одан бөлек, құжатта білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы шаралардың толықтай сақталу керектігі айтылған.
Айта кетсек, Қазақстан мектептерінде үш күннен соң үшінші тоқсан аяқталады. Көктемгі демалыс 19 наурызда басталып, 30 наурызды қосқанда 12 күнге созылады.

"Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір "қызыл" аймаққа ауысқан кезде меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында "Ashyq" мобильді қосымшасын міндетті түрде пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күн сайынғы "кіру" сүзгісін (жанаспайтын термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі", - деп хабарланды.