Қазақстанда неше өңір "қызыл" аймақта тұр

297

Фото: Денсаулық сақтау министріДенсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.
2021 жылдың 5 мамарындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Жамбыл, Батыс Қазақстан, 


Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр. 

Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары "сары" аймақта орналасқан.
 Ал Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.
 Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны қайтадан өсті. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан тіркелді. 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 2298 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.

 Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 332 369-ға жетіп отыр. 
Сонымен қатар, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті. 
"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.