Тегін алатын дәрілер тізбесі кеңейтіледі

2 246

 Фото: Pixabay.comДенсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарының жекелеген санаттарын белгілі бір аурулармен (жай-күймен) тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін кеңейтпек,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ашық НҚА порталына орналастырған Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасында келесі ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттардың 3 жаңа позициясын енгізу көзделген:

  •  лимфоидты, гемопоэтикалық және онымен байланысты тіндердің қатерлі ісіктері (апластикалық анемия мен иммундық тромбоцитопенияны қоса),
  •  онкологиялық аурулар,
  • псориаз.

Жобаны іске асыру тиімді терапияның қолжетімділігін арттыруға, созылмалы және онкологиялық аурулары бар пациенттердің клиникалық нәтижелері мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.