Жедел жәрдем көлігі жүк көлігіне соқтығысып екі адам қаза тапты

1 266

Талдықорған-Лепсі тас жолында жедел жәрдем көлігі мен "Урал" жүк көлігінің арасында жан түршігерлік соқтығыс орын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Апат орын алған кезде жүргізуші мен фельдшер жедел жәрдем көлігінің ішінде болған. Олар жүк көлігінің соққысынан жол жиегіне шығып кеткен. Екеуі де дәрігерлер келген соң қайтыс болды.


"Жүргізуші қатты қысылып, бізге жауап бере алмады. Ал фельдшер бізбен сөйлесті, сұрақтарға жауап беріп, аты-жөнін айтты. Ол өмір үшін күресті. Олардың өмірмен қош айтысқаны өкінішті. Біз олардың аман қалатынына соңына дейін сендік, бірақ, екеуі де ауыр жарақат алған" - деді жол апатының куәгері.


Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі апат болардың алдын жол жиегінде көлікті жөндеп жатқан. Ескерту үшбұрышы орнатылғанымен жүк көлігінің шамы жанбаған. Ал жедел жәрдем көлігінен түк қалмаған. 


Жетісу облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға 57 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі кінәлі. 


"Алдын ала анықталғандай, оқиғаға кінәлі 57 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі мен 54 жастағы жергілікті фельдшер оқиға орнында көз жұмды. Негізі, қажетті сараптамалардың тағайындалуымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын ескермеу және ең алдымен жылдамдықты шектен асырмау. Көлік жүргізу кезіндегі жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне және жарақатына әкелетінін ұмытпаңыз" - деді Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.