Қызылордада емхана қызметкерлері әділдік іздеуде
Қызылорда қаласында медицина саласындағы олқылықтар басылар емес, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Біздің ақпарат агенттігіне №4 қалалық емхананың қызметкерлері өз есімдерін жарияламауды сұрап арнайы хат жолдаған болатын.
Қызметкерлердің айтуынша, өздеріне тиесілі бірлігімізді басшылық тарапынан 0,75 бірлікке қаражаттың тапшылығына байланысты қысқартқан. Ең сорақысы заңсыз әрекет орын алған мекеменің мемлекет тарапынан жеке меншікке өтті, деген ақпарат тарап кетті деп наразылық білдіруде.
Расында, мекемеде қаржы жетіспеушілігі орын алған жағдайда барлық қызметкерлер үшін де осы қысқарту қаралсын деген медбикелер наразылық білдіруде.
«Басшылық тарапы мен дәрігерлердің жалақысы сақталуы заңсыз деп түсінеміз. Бізді алалаумен тең»,- деген қызметкерлер, тіпті аты-жөнін жасыруды сұрап, келер күні мансабымызға кедергі келмесе екен дейді.
Қызметкерлердің айтуынша, тамыз, қыркүйек айларында кезекті еңбек демалысына шыққан қызметкерлер әлі күнге дейін ақшасын аламай отырғандығын жеткізді.
Алайда, емхана басшысы Бақыт Махатайқызы аталған ақпараттың рас өтірігін айту үшін, әуелі алдыңызға келген арыз-шағымды көрсетіңіз деп талап қоюда.
Десе де, емхананың бас дәрігерінің орынбасары басқа деректерді атап өткен болатын.
Ең қызығы қандай қарыз дегенімізде басшылық жауап береді деген болатын. Ал, басшылықтың «қарызы» жөнінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының хабары бар ма? Әлде жергілікті емхана басшылары шешімді өздері ішінара қабылдауға кірісіп кеткен бе?
Бұл жөнінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі аталмыш мәселе бойынша ақпарат келіп түскен жоқ деген болатын.
Тиісті 8 сағат қызметіміз 6 сағатқа қысқартылып, жалақымыз да тиесілінше қысқартылып жатыр деген қызметкерлер алдағы күндері жалақымыз төмендесе несиеміз бен нан пұлымызға жетпейтін болды, деп дабыл қағуда.
Десек те, емхана қызметкерлері Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы арқылы сұратқан сұрауымызға ресми түрде жауап берген болатын:
Емхана қызметкерлерін ақысыз еңбек демалысына мәжбүрлеп жіберу орын алған жоқ. Еңбек демалысына қызметкерлер уақытылы белгіленген графикке сай жіберілуде."
Жоғарыда берілген аудиожазба мекеме қызметкерлерін жинап, барынша түсіндірме жұмысын жүргізген емхана басшылығы мен әкімшілігінің не жасырғаны бар? Берілген қаржыны жыл соңына дейін жетпейтіндігін алға тартып, 1 бірліктен 0,75 бірлікке қысқартуды жөн көрдік деген сөзін аңғаруға болады. Шындығын жасырған басшылық тарап екі түрлі ақпарат беруіне не түрткі болды?
Ал, заң тұрғысынан да бұл әрекеттің заңдылығын тиісті мекемелер тексеру жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге араша түседі деген ойдамыз.