18 жастағы жігіт жүрегін беріп, донор болды

2 527

Фото: видеодан скриншотБүгін Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы жүріп жатыр. Донор 18 жастағы азамат екен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәліметтерге сенсек, донор жол апатынан зардап шегіп, ауруханада көз жұмды. Енді оның жүрегі басқа адамға ауыстырылады. 


Бейнежазбада жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, алып жатқаны байқалады. Басқа ақпараттар анықталып жатыр.


Трансплантацияны Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері Сүйгенбаев Дархан, оператордың көмекшісі Балымов Жасарал және анестезиолог Перменов Бекжан жүргізеді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.