6,5 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ QR-КОД АРҚЫЛЫ ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛДЫ

2 524

gov.kzДенсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру шеңберінде пациенттерге eGov mobile мобилдік қосымшасында QR-код арқылы рецепт бойынша дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты. Бұл дәрі-дәрмектерді алу процесін едәуір жеңілдетті және жүйенің ашықтығын арттырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сервис пациенттерге қағаз құжатын ұсынбай, жазылған рецепт бойынша дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді.


Пациентті сәйкестендіру QR-код арқылы жүзеге асырылады, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және қосып жазу жағдайларын азайтады. Дәріханалар өз кезегінде рецепттерді тезірек және дәлірек өңдейді, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді және күту уақытын қысқартады.


Сервис іске қосылған сәттен бастап 6,5 мың азамат QR-кодты сәйкестендіру арқылы дәрілік заттарды алды.


E-Densaulyq-та QR-код арқылы дәрілік препараттарды алудың қадамдық алгоритмі

Дәрігерге бару:

•⁠ ⁠Дәрігер ДҚАЖ жүйесінде электрондық рецепт жазады.

Қосымшада рецецеп пен QR-кодты алу:

•⁠ ⁠EGov mobile қосымшасындағы e-Densaulyq қызметінде "Рецепттер – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" бөліміне өтіп, әр рецепт үшін QR-кодын алыңыз.

Дәріханада дәрі-дәрмек алу:

•⁠ ⁠Фармацевт QR-кодты сканерлейді және рецепт бойынша дәрі-дәрмек береді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.