АҚШ-та "Омикрон" штамы өршіп тұр

353
ГФР Денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі сараптамалық кеңестің байланыстарды шектеу туралы талаптарына қарамастан Рождество алдында қатаң шектеулер қоймауға уәде берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Карл Лаутербах: «Бізде Рождество алдында голландиядағыдай локдаун болмайды», - деді.

Министр барша халықты, әсіресе тәуекел тобындағы адамдардарды ревакцинацияға белсенділік танытуға шақырды. Ол Германияда инфекция жұқтыру жағдайларының әлі де тіркеліп жатқанын атап өтті. Ол азаматтарды адам көп жиналатын орындардан аулақ болуға, бетперде тағуға, кездесулер алдында және рождество мерекелері кезінде экспресс-тесттерді жиі қолдануға шақырды.

«Омикрон» штамы АҚШ-та басымдық танытуда. Коронавирустың бұл түрі өткен аптада COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 73% - ында анықталды, деп хабарлайды Assosoated Press ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтеріне сілтеме жасап. Өткен аптамен салыстырғанда елдегі «омикронның» үлесі алты есеге жуық өсті, ал кейбір аймақтарда вирустың бұл нұсқасы жаңа жағдайлардың 90% құрайды. Сонымен бірге, ДДҰ-да вирустың осы нұсқасының таралу жылдамдығы туралы айта отырып, жаңа штамм өткен мутациялармен салыстырғанда өлім тұрғысынан қауіпі төмен екенін атап өтті.