Қазақстандағы вакцинациялау қарқыны ең төмен өңірлер анықталды

257

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет отырысында халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау деңгейі төмен өңірлерді атады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


“Биыл 1 қыркүйектен бастап халықты вакцинациялау жұмыстарының ең төмен көрсеткіші Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында 10-13% деңгейінде байқалады, – деді ол.

Алайда оның мәлімдеуінше
, тапсырма тиісті деңгейде орындалмаған.

Ол өңір әкімдері вакцинация жоспарын орындамағаны үшін жауапты екенін айтты.


“Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесін ескере отырып, вакцинациялауды ұйымдастыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауды, сондай-ақ, вакцинация жоспарын орындамағаны үшін әкімдіктер басшылығының жеке жауапкершілігін атап өту орынды деп санаймыз. Қарқын байқалмаған жағдайда әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарларына тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау орынды деп санаймыз, –  деді Ералы Тоғжанов.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.