Қызылорда облысында 154 мың адам ревакцинациядан өтті

455
Қызылорда облысы ревакциналау қарқыны бойынша алда келе жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен жылдың 22 қарашасынан бастап вакцинаның 2 компонентімен қамтылып, 6 ай аралық мерзім өткен азаматтарға бустерлік дозаны егу қолға алынды. 

«Облыс бойынша ревакциналау қарқыны жаман емес. Еліміз бойынша алдыңғы қатарда келеді. Өткен жылдың 22 қарашасынан басталған ревакцинациядан 154 637 тұрғын өтіп, вирусқа қарсы иммунитетін күшейтті», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен

Қызылорда облысы бойынша 22 медициналық мекемеде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Олардың 13-і қалада орналасса, 9-ы аудандарда қызмет көрсетеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.