Педиатриялық көмек стандарты жаңартылды

2 511

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі2025 жылы даму кемістігі бар балаларды ерте анықтау және сүйемелдеу жүйесі айтарлықтай күшейтілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өмірдің алғашқы айларынан бастап дамуының бұзылу қаупі бар балаларды ерте диагностикалау, кешенді қолдауға бағытталған педиатриялық көмек стандарты жаңартылды.

МСАК ұйымдарының базасында 290 ерте даму және араласу орталығы ашылып, 139 педиатриялық бөлімше құрылды. ЮНИСЕФ қолдауымен жас балалардың дамуын бақылауға арналған GMCD нұсқаулығы енгізіліп жатыр. Сонымен қатар 18 жаттықтырушы дайындалып, барлық өңірлерде көмектің сапасын арттыру мақсатында патронаждық бақылаудың әмбебап прогрессивті моделі және балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару бойынша оқу-әдістемелік орталықтар іске қосылды.

Сондай-ақ мамандарды кәсіби қолдаудың бірыңғай жүйесі қалыптастырылып, тұрақты оқыту бағдарламалары, журнал клубы және шала туған балаларды күту бойынша неонаталдық мейіргерлерді апта сайын оқыту тәжірибесі енгізілді.