Францияда хирург 300-дей баланы зорлаған

2 092

Фото: Pixabay.com300-дей баланы зорлаған француз хирургы түрмеге қамалды,- деп хабарлайды Opennews ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.Францияда хирург Жоэль Ле Скуарнекке қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Ол 300-ге жуық баланы зорлады деп айыпталған. Жәбірленушілердің орташа жасы — 11 жас. Сот 74 жастағы Ле Скуарнекті 20 жылға бас бостандығынан айырды.  Ле Скуарнек 1989 жылдан 2014 жылға дейін 299 баланы зорлады деп айыпталды. Олардың басым бөлігі қылмыскердің бұрынғы пациенттері болған. Қылмыс көп жағдайда балалар анестезия әсерінде жатқан кезде жасалған. Әсерінен болған жайт біраз жәбірленушінің есінде қалмаған.Оған 100-ден астам зорлау және 150-ден астам сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті бойынша айып тағылды. Ле Скуарнек өзіне тағылған барлық айыптарды мойындады.2008 жылы Францияның батысына көшкелі Ле Скуарнек үйреншікті өмірімен қоштасты.  2017 жылы дәрігер зейнетке шығып, бірнеше айдан соң қамауға алынды. Жоэль қазір 30-дан асқан жиендерін, сондай-ақ алты жасар қыз бен жас науқасты зорлады деген күдікпен қамауға алынды. 2020 жылы ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Полиция айыпталушының үйіне тінту жүргізіп, кішкентай балаға ұқсас секс-ойыншық, қылмысқа айғақ болатын 300000-нан астам сурет пен өте мұқият толтырылған күнделік тапқан. 

Ал іс барысында бұрынғы хирург өзіне тағылған айыппен келіспей, күнделікте жазылған барлық әңгіме оның "фантазиясынан" туғанын айтқан. Дегенмен ол күнделігіне "Мен – педофилмін" деп жазған.