Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды
Тегін дәрі-дәрмек тізімінен 38 препарат алынып тасталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мұндай бұйрық жобасы Денсаулық сақтау министрлігінде әзірленді. Бұрын амбулаториялық емделуге жеңілдікпен берілген дәрі-дәрмектерді енді пациенттер тегін ала алмайды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылған препараттар тізімінен мыналарды алып тастауды ұсынылды:
«Омепразол»,
«Амоксицилин»,
«Кларитромицин» (және тағы үш позиция).
МӘМС аясында ересектерді емдеуді жоспарламайтын дәрі-дәрмектер тізімінде:
«Азитромицин»,
«Фамотидин»,
«Карбамзепин»;
«Ацикловир» көзге арналған жақпа және басқалар.
МӘМС жүйесі бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға бұдан былай тегін берілмейді:
«Ранитидин»,
«Мультифермен»,
«Ибупрофен»,
«Парацетамол» (және басқа дәрілер).
Барлығы 32 ауруды емдеуге тағайындалған препараттарды тізімнен алып тастау жоспарлануда.