Энергетикалық сусындар салыстырмалы сынама нәтижелері жарияланды

2 295

Фото: google.comҚазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға заңмен тыйым салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл норма жұртшылыққа белгілі. Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімнің таңбалануы мен қауіпсіздік нормаларын сақтау жайлы маңызды жайттарға назар аудартып отыр.

Таңбалауда не жазылуы керек?

КО ТР 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, құрамында 150 мг/л-ден жоғары кофеин бар алкогольсіз сусындардың сыртында міндетті түрде мынадай ескерту болуы тиіс:

18 жасқа дейінгі балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің, сондай-ақ жүйке жүйесі қозғыш, ұйқысыздық, қан қысымы жоғары адамдардың тұтынуына ұсынылмайды.

Алайда Комитет мәліметінше, тұтынушылардың көбі бұл жазуға мән бермейді. Ал өндірушілердің бірқатары таңбалау талаптарын толық орындамайды.

Қауіпсіз бе, жоқ па?

Комитеттің дерегінше, соңғы үш жылда энергетикалық сусындармен улану жағдайлары тіркелмеген. Бір реттік немесе сирек қолдану денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді. Бірақ:

– Жиі тұтыну кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне, жүйке жүйесіне кері әсер етуі мүмкін;

– Баланы, жүкті әйелді, созылмалы аурумен ауыратын адамды тәуекел тобына жатқызуға болады.

Тексеру нәтижесі қандай?

Комитет 2025 жылы энергетикалық сусындардың 30 сынамасын зерттеп, 3,3%-ының таңбалауға қатысты талаптарға сай келмейтінін анықтаған.