Медициналық қызметтер жарнамасына талап қатаңдайды

2 504

Фото: ©Қорғаныс министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі көрсетілетін медициналық қызметтердің жарнамасын жүзеге асыру қағидаларына өзгертулер енгізбек,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа нормалар жарнаманы азаматтар үшін түсінікті, адал әрі ашық етуге бағыттаған. Бұл ретте құжат пациенттер үшін ешқандай жаңа тыйым енгізбейді. Бұйрық жобасы қолданыстағы қағидаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, оның ішінде «Жарнама туралы», «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдарға сәйкестендіру мақсатында әзірленді, — делінген құжат жобасында.

Ұсынылып отырған өзгерістер мыналарды көздейді:

- жарнаманың шынайылық,

-  адалдық және этикалық қағидаттарын міндетті түрде сақтау;

-  интернеттегі жарнамалық материалдарды нақты белгілеу;

-  медициналық қызметтердің жарнамасында қамтылуы тиіс ақпаратқа қойылатын талаптарды нақтылау, оның ішінде медициналық ұйымның лицензиясы туралы мәліметтерді көрсету және дәрігердің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымды енгізу;

- қолданыстағы заңнамаға сәйкес терминологияны жаңарту;

-  мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін онлайн-жарнаманың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу;

- жарнамалық материалдарды сақтау мерзімдерін айқындау.

Министрліктің айтуынша құжатты қабылдау денсаулық сақтау саласындағы жарнамалық қызметтің ашықтығын арттыруға, азаматтардың медициналық қызметтер туралы ақпаратқа деген сенімін нығайтуға және қолданыстағы қағидаларды қазіргі цифрлық талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік бермек.