«Алдағы үш айда коронавирусқа қатысты жағдай шиеленіседі» - ДДСҰ

312
Алдағы үш айда коронавирусқа қатысты жағдай шиеленіседі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша арнайы өкілі Дэвид Набарро мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Набарроның айтуынша, пандемия аяқталатын кезең жақын, бірақ оған әлі жеткен жоқпыз. Ол әлем COVID-19-дың тағы бірнеше толқынына тап болатынын ескертті.

"Марафонға қатысып жатқандаймыз, қорқынышты, бірақ аяқталатын кезең жақын деп айтуға әлі ерте", - деді ол.

Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңа омикрон штамы табылғаны хабарланған болатын. Кейін Ақтөбе облысында омикрон тіркелді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.