Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі қашан тіркеуден өтеді?

2 168

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық дәріні тіркеу рәсіміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қазір екінші сатыны (клиникалық сынақты) табысты өтіп жатырмыз. Павлодар, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларында аурулар қосылды. Нәтижелерін қыркүйек айында баяндаймыз. Егер бәрі дұрыс болса, жылдың соңына дейін дәріні тіркеуге ресми түрде рұқсат береміз.", - деді С. Нұрбек Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Былтыр қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық ғалым қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапқанын айтқан болатын. 

Министрдің айтуынша, инновациялық дәріні алдымен қояндар мен тышқандарға сынаған. Сосын онкология университетінде 15 адам сынақтың бірінші кезеңнен өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.