АЛМАТЫДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 331

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі2024 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Үйлестіру кеңесінің IV отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының делегациялары және ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері қатысты

Кездесу барысында тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды. Ұлттық делегациялардың басшылары өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасау қажеттігін растады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.