Қызылордада "Дәрмек" іс-шарасы нәтижесінде 23 заңбұзушылық анықталды

2 253

Фото: Қызылорда облыстық ПДҚызылорда облысының полиция департаменті «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және қылмыстың жолын кесуге бағытталды.

— Іс-шара барысында 48 дәріхана, 12 медициналық ұйым және прекурсорлар айналымына байланысты 23 ұйым тексерілді. Сондай-ақ фармацевтік қызмет, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ережені бұзудың 23 дерегі тіркелді, — делінген хабарламада. 

Осы орайда полиция есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін және ол үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.