Қазақ фельдшері Таиландта екі жасар қызды құтқарып қалды

2 534

Фото: Depositphotos.com / SurabkyАлматылық жедел жәрдем фельдшері Гаухар Әкімова Таиландта отбасымен демалып жүргенде екі жасар қызға жергілікті дәрігерлер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетіп, алып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жағдайдың демалыс кезінде болған. Бірнеше күн бұрын қыз баланың жағдайы нашарлай бастаған. Аурудың белгілері энтеровирустық инфекцияға нұсқаған. Бала тамақ ішпей, кейін ұстамасы ұстаған.

Туыстары алаңадап, демалып жүрген адамдардан көмек сұраған. Сол кезде оларға көмекке Гаухар Әкімова келген. Фельдшер баланың жағдайын бағалап, қажетті алғашқы көмек көрсетіп, жергілікті жедел жәрдем қызметтері келгенше қыз баланы қадағалап тұрған.

Баланың апасы мен ата-анасы қазақстандық фельдшерге кәсібилігі мен көмегі үшін алғыс білдірді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.