Тізесі ауырған ер адам екпе алғаннан кейін көз жұмды

2 554

Фото: www.timacad.ruҚазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Екібастұзда 40 жастағы ер адамның қазасынан кейін медициналық тексеріс жүргізуді бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жеңіс Бекжігітов есімді азамат тізесіне жасалған инъекциядан кейін төртінші күні көз жұмған. Марқұмның туыстары оның өліміне медицина қызметкерлерін жауапты деп санайды.

Белгілі болғандай, ер адам 8 қыркүйекте Екібастұздағы жеке хирургиялық орталыққа жүгінген. УДЗ қорытындысынан кейін оған оң тізе буынының остеоартриті диагнозы қойылып, буын ішіне укол жасау ұсынылған.

10 қыркүйекте инъекция жасалғаннан кейін келесі күні оның аяғы ісініп, қатты ауыра бастаған. Жағдайы біртіндеп нашарлаған: дене қызуы көтеріліп, есін жоғалтқан сәттері болған, қан қысымы түсіп кеткен.

Фото: Жеңістің жақындары ұсынған/ tengrinews.kzТуыстарының айтуынша, жедел жәрдем қызметі ер адамды ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 13 қыркүйекте жақындары оны өздері медициналық мекемеге жеткізген. Сол күні кешке клиника бас дәрігері хабарласып, орталықта ӨЖЖ аппараты жоқ екенін айтып, пациентті қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне ауыстырғандарын жеткізген. Алайда келесі күні ер адам қайтыс болды.

Осы оқиғадан кейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Екібастұздағы бірнеше медициналық ұйымдарды тексеруді бастады.

"Павлодар облысы бойынша департамент тергеу қаулысына сәйкес, тәуелсіз мамандардың қатысуымен пациенттің қаралған барлық медициналық мекемелеріне жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, материалдар құқықтық баға беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияның тергеу бөліміне жолданады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.