Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрілер тізімін қысқартуды жоспарлап отыр

2 702

Фото: istockphoto.comДенсаулық сақтау министрлігі емделушілерді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуды көздеп отыр, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Жобада өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін созылмалы ауруларды емдеуге басымдық беріліп, осы критерийлерге сәйкес келмейтін 32 нозологияны тізімнен алып тастау жоспарланған», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Тізімнен капсулалар, жақпа майлар, көз тамшылары, ұнтақтар, инъекцияға арналған ерітінділер және таблеткалар сияқты ондаған дәрі-дәрмек алынуы мүмкін.

Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.