Аманкелді ауылында 492 отбасыға медициналық көмек көрсетілді
102
Мемлекет басшысының биылғы жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айрықша тоқталған «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шараларының аясында Аманкелді ауылының халқына үгіт-насихат, әдістемелік-тәжірибе алмасу және тұрғындарға медициналық көмек көрсетілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Орталықта жасақталған бригада биылғы жылдың 9-10 қараша күндері құрамында денсаулық сақтау менеджері С.Ерімбет, ауданның бас педиатрі А.Құлеке ,терапевт, жұқпалы аурулар дәрігері М.Садықова, эпидемиолог мейірбике Г.Мырзабекова, Теренөзек кент орталығы аймақтарының орта буын қызметкерлері Ә.Әлиаскаров, Ә.Серікова, Г.Болатбекова және Н.Гажденбекова жұмыс жасады.Аманкелді ауылында 540 отбасы болса, 2609 халық бар. Медициналық көмек көрсету барысында 492 отбасы қамтылды. Қалған тұрғын үйлерде уақытша тұрғындардың болмауына байланысты қамтылмай қалғанымен жұмыс орындарында кездесулер болды.
Дәрігерлер үй аралу барысында 1723 адамды қамтылды. Оның ішінде 26 жүкті әйел, тексеру барысында үй жағдайында ауырып жатқан 17 бала, 9 ересек анықталып, барлық анықталған науқастар амбулаторияға дәрігердің қабылдауына жолданды.
Аула аралау барысында жұқпалы аурулар (тұмау), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және ауыл халқын скрининг тексеруден өткізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Амбулатория дәрігер қабылдауында жалпы терапевт, жұқпалы аурулар дәрігерінде 37 тұрғын болды.
Оның ішінде 23 науқас, 14 дәрігерлік кеңес алуға келді, 3 науқас үй жағдайында көрілді және 3 науқасқа емдеу орындарын стационарлық көмек алуға жолданды. Ал балалар дәрігерінің қабылдауында 34 бала болса, оның 26 науқастарына байланысты, 8 бала кеңес алуға келді. Қабылдаған науқастардың барлығына амбулаториялық жағдайда ем берілді.