Қызылорда лепрозорийі науқастары Денсаулық сақтау министрлігіне өкпелі
5 996
Елімізде мыңдаған емханалар мен ауруханалардың бар екендігі мәлім. Алайда, елдің бәрі Қазақ Республикалық Лепрозорийі Қызылорда қаласында орналасқандығын біле бермес. Бұл аурухананың басты ерекшелігі емделушілер өмір бойы дәрігерлердің жіті қадағалауында болады. Лепр, проказа, яғни Хансен ауруының бастауы 1929 жылдары Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Атырау облысында Құрманғазы, Жылыой аудандарында жұқтыру қауіпі кең тараған. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін айықпас дертке шалдыққандар саны ашаршылық жылдары мыңнан асқан. Сол кездері арнайы емдеу мекемесі болмаса да, өзгеге жұқтырмау үшін науқас елден безіп, денелерін тұмшалап, мойындарына келе жатқандығын білдіру үшін қоңыраулар ілінетін болған. Жергілікті тұрғындар ауыл сыртына дәнді-дақылдар мен азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған. Жұртшылықты дүрліктірген аурудың бір ғасыр өтсе де емі табылмады. Десе де, дүниежүзілік денсаулық ұйымдары тығыз байланыста. Себебі, әлем бойынша әрбір мемлекетте бір лепрозорийдан бар.
Айдаладан отау тіккен мекеме 1963 жылы Талдыарал ауылынан бой көтерген. Бүгінде ауыл тұрғындары «Лепр қалашығы» деп атайды. Шындығында, көкөніс бақтары, қосалқы ғимараттар, шағын аурухана мен ондаған үйлер бар. Мұның бәрі бейбіт қарттар үйіне ұқсайды. Көненің көзін көрген ғимаратта бүгінде 41 науқас ем қабылдап жатыр. Емделушілердің ең жасы 50 ден асса, егде жастағы науқастар 80-ді еңселеген қарияларды құрайды. Оқшаулауды талап ететін ауру түрі десек, мемлекет тарапынан берілген мекеменің сыйқы осы. Бір сөзбен айтқанда тура лагер іспеттес. Тұмшаланған терезелер, тікенді өскен бұталар мен қамыс басқан. Қабырғаларына сызат түсіп жарылған, бөлмелер іші салқын, төсек орындарының да тозығы жеткендігі байқалып тұр. Емделушілердің де айтар шағымы да жоқ емес. «Билік басындағылар о баста лепрді емдейміз деп жүріп, басқа да бүйрек, жүрек, бауыр сынды ағзаларамыздың бар екендігін ұмыт қалдырды ма? Оларды емдеу үшін бұрын берілетін дәрілерді қазір есептен алып тастаған. Іш-құрылыстарым дұрыс емес. Оны емдеу үшін дәрі-дәрмек қарастырылмаған. Осыдан 4-5 жыл бұрын еш қиындықсыз егілсе, бүгін тапшы болып отыр. Шағымымызды естір құлақ болса»,-деді Нұрғиса Тлендиевтің көзін көрген Жақсылық Баймаханов.
Біздің заманымызда дүрбелең 90 -шы жылдардағыдай алапес ауруына қайта оралмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Алапеске қарсы вакцинация жоқ, ол аса қауіпті жұқпалы ауру болып қала береді. Зерделеген дәрігерлер, «алапес адамдықпен туылған, және онымен бірге өледі»десе, тағы бірі «Сіз алапесті жұқтыра алмайсыз, тек алапеспен ауыра аласыз». Бұл қара юмор - бұл аурудың себептері шынымен белгісіз екенін көрсетеді. Осы орайда, лепрозорийде басшылық етіп жүрген 20 жылға жуық жұмыс өтілі бар, мекеменің бас дәрігері Сейталиев Молдағали Ақбайнашұлы: « 90 жылдық тарихы бар мекемеде емделушілердің жалпы саны 327 орын. Бірақ арнайы жүйелі түрде ем қабылдап жатқан науқастың саны 41. Республика бойынша диспансерлік саны 3, ал емдеу бөлімі тек Қызылорда да ғана. Біздің ауруханада ота бөлмесімен де қамтамасыз етілген. Осында жолданған науқас арнайы жіті қадағалаудан өтіп, денсаулығы толығымен тексеріліп, жатқызылады. Лепр адам бойында 2 жылдан - 20 жылға дейін сыр білдірмей жүре беріп, уақыт өте келе біліне бастайды. Сонымен қатар, нерв жүйесін зақымдап, бет әлпеттің, буындардың өзгеруіне, басқа да ағза мүшелеріне зақым келе бастайды. Республика бойынша соңғы науқас 2017 жылы Маңғыстау облысынан тіркелді. Осы уақытқа дейін адам тіркелмеді. Ол дегеніміз аурудың азаюы, яғни жойылуына әкеледі »,-деді.
Әрбір науқаста арнайы бөлме, палаталар, тіпті тұрғын үйлер берілген. Арнайы тұрғын үйлерде тұрушылардың аяқ-қолдарында кінәрат жоқ. Емін еркін аула ішінде жүріп тұрады, тіпті бірі бау-бақша егу, гүл отырғызуымен де айналысады. Биылдыққа қызанақ, қияр, 20 шақты түп жемістерін отырғызғандар да бар. "Мен осы лепрозорийге 7 жасымда түскенмін. Бүгінде жасым 73 те осында тура 66 жыл өмірім өтті. Ақ халатты абзал жандардың өз жұмыстарына адал, тиянақты екендігінің дәлелімін. Бөлмені безендіріп, таза ұстауы да осындағы үлкенді-кішілі қызметкерлердің арқасы. Көңілімізден шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жүрген жандарға рахмет. Осы кісілердің арқасында осы күнге де жеттік. Жұмыстарына адал, біз бір отбасына айналдық",-деді Даража Қайрова. Расымен де жүріп-тұруы қиын науқастарды жуындырып, тамақтандырып отырған қызметшілердің де еңбегі жоқ емес. Мекеме қызметкерлеріне емес, министрлікке өкпелі жандардың өтінішіне құлақ асар басшылар болса...
Р.S. Дәрі-дәрмектің тапшысын жан ауырса білерсің?! 50 елдің қатарына ену үшін зәулім ғимараттарды салдырған атқа мінер азаматтардың құлағына алтын сырға, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарды да ұмытпаған абзал.
редактор,
Айгерім МЕҢДІБАЕВА