МӘМС жарналары төленбеген болса, не болады?
198
МӘМС жайлы көптеген сұрақтар бойынша жауап берілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылы аяқталуға жақын. Сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғансыз ба? МӘМС-ға қалай төлеуге болады, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?
Тұрғындардың осы және басқа да өзекті сұрақтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов жауап берді.
Бірыңғай жиынтық төлем мен дербес төлемнің айырмашығы неде?
Бірыңғай жиынтық төлемді өткен кезеңдер үшін төлеуге болмайды. Егер пациент төлемдердің бірін жіберіп алған болса, онда өткізіп алған кезең үшін дербес төлеуші ретінде төлеу қажет. Бірыңғай жиынтық төлем құрамына 4 компонент кіреді, олар: МӘМС жарналары, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және табыс салығы. Ал дербес төлеушінің төлемі МӘМС жарнасынан 100 пайыз тұрады. Ауылдық және қалалық жерлерде тұратын халықтың санаттары үшін бірыңғай жиынтық төлем мөлшері әртүрлі. Мысалы, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен Астананың тұрғындары бірыңғай жиынтық төлемге 1 айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге, ал қалған елді мекендердің тұрғындары 0,5 айлық есептік көрсеткіш - 1 531,5 теңге төлейді. Дербес төлеушілер айына 3 000 теңге төлейді (1 ЕТЖ-дан 5%).
Мен жеңілдік санатындағы «жұмыс істемейтін жүкті әйелмін», мәртебем сақтандырылған. Ресми жұмысқа шыққым келеді. Мәртебем өзгере ме?
Жеңілдік санаты жұмыс істемейтіндерге ғана беріледі. Сіз жұмысқа орналасқанда, жұмыс беруші сіз үшін МӘМС жарналарын төлейді. Жұмыс берушінің есебінен жалақы деңгейінің 3 пайыз мөлшерінде аударымдар жасауы тиіс. Бұл ретте, ай сайынғы төлемнің мөлшері 10 ЕТЖ-ның 3 пайыз - 18 мыңнан аспауы тиіс. Сіздің жалақы деңгейінен 2 пайыз мөлшерінде жарналар ұстайды. Бұл ретте, ай сайынғы төлемнің мөлшері 10 ЕТЖ-ның 2 пайыз - 12 мыңнан аспауы тиіс. Егер жеңілдік санатына енгізілгенге дейін сізде МӘМС жарналары бойынша берешек болса, оны өтеу қажет, бірақ ағымдағы жылдың алдында 12 айдан артық болмауы тиіс немесе алдыңғы 12 айға төлеу міндетті.
Мен студентпін. МӘМС жарналары менен ұсталмауы үшін жұмыс берушіге қандай құжаттарды ұсыну қажет? Жұмыс берушіге оқудың әр айы үшін анықтама беру керек пе?
Күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді және олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Жұмыс берушіге оқу мерзімі көрсетілген және ай сайынғы растауды қажет етпейтін оқу орнынан анықтаманы беруіңіз тиіс.
Егер сіз МӘМС жарналарын төлемесеңіз, мәртебе қай уақыттан кейін «сақтандырылмаған» болады?
Бірыңғай жиынтық төлем төлейтіндерден басқа төлеушілердің барлық санаттары МӘМС - ға соңғы төлемнен кейін үш ай ішінде сақтандыру мәртебесін сақтау мүмкіндігі бар. Бұл дегеніміз, егер сізде соңғы төлем 2023 жылдың қыркүйегінде болса, сіз шартты сақтандыру мәртебесін 2023 жылдың желтоқсанына дейін сақтайсыз. Бірақ осы кезеңде МӘМС жарналары бойынша берешек сақталатынын есте ұстаған жөн, оны желтоқсаннан кейін мәртебесін жоғалтпау үшін өтеу қажет болады.