13 балаға күрделі жүрек отасы жасалды

2 506

Фото: © Ақтөбе облысы әкімдігіӨңірлік мастер-жоспар аясында бөлімшенің қуаты айтарлықтай кеңейтіліп, кардиохирургиялық төсектер саны 8-ден 16-ға, ал кардиореанимациялық орындар 3-тен 10-ға дейін ұлғайтылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті бюджет есебінен 547 миллион теңгеден астам қаржыға заманауи медициналық жабдықтар, соның ішінде өкпені жасанды желдету және жасанды қан айналымы аппараттары сатып алынды. Жақын уақытта бұл база негізінде Батыс өңірі мен Қызылорда, Қостанай облыстарының балаларына қызмет көрсететін өңірлік кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр.

Ауруханада "Heart Center Foundation" қоры мен "University Medical Center" ұлттық жүрек орталығы мамандарының қатысуымен көшпелі клиникалық-білім беру сессиясы өткен. Оның аясында 13 балаға, оның ішінде бір жасқа дейінгі 4 сәбиге күрделі кардиохирургиялық операция жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық ота сәтті өткен, науқастардың жағдайы тұрақты. Қазір олар кардиореанимация бөлімінде бақылауда.

Сонымен қатар, өңір дәрігерлері үшін оқыту бағдарламасы ұйымдастырылып, ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілген.