Денсаулық сақтау министрлігі қайта вакциналаудың басталғанын жариялады

453
 ҚР Бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналауға рұқсат беретін қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, ҚР бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

«КВИ-ге қарсы, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі. КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі», - деп жазылған құжатта.

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы толық қайта вакциналаудан өту үшін алдыңғы екпе алған күннен кейін кемінде 3 ай уақыт өтуі керек. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады. 1 мамырдағы дерекке сәйкес, елімізде коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын 9 246 600 адам алды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметі бойынша, ревакциналаудан 2,4 млн адам өткен.