Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

2 591

Фото:© Sputnik / Рамиль СитдиковКонго мен Угандада Эбола қызбасы өршіп кеткен. Осыған байланысты Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz. ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялағанын атап өтті.

"Аурудың таралуына Эбола вирусының сирек түрі – Bundibugyo штаммы себеп болып отыр. Қазіргі таңда бұл штаммға қарсы арнайы вакцина да, нақты емі де жоқ", - дейді министрлік.

Эбола вирусы індетке шалдыққан адаммен немесе жануармен тығыз байланыс кезінде олардың биологиялық сұйықтығы арқылы жұғады.

"Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтап, сапар кезінде сақтық шараларын ұстану керек. Дер кезінде медициналық көмекке жүгіну аса маңызды. Сапарға шығар алдында баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен танысыңыз", - дейді министрлік.

Шетелден оралғаннан кейін аурудың қандай да бір белгісі пайда болса, дереу дәрігерге қаралып, сапар фактісін міндетті түрде хабарлау керек. Өз бетінше емделуге болмайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.