Медицина мамандары мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жасалады

2 597

Фото: PexelsМедицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары әзірленіп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметінің 2 450 (98 пайыз) санитарлық көлігі GPS навигациясымен жабдықталған. Сіздердің медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстарыңыз орынды. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру, бақылау құралдарымен жарақтандыру шараларын көздейтін жоспарды әзірлеуде. Жоспар жобасы қоғамдық ұйымдардың, бейіндік қауымдастықтардың және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен талқыланып, осы жылдың наурыз айында бекітіледі», — деді Үкімет басшысының орынбсары жауабында.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова медицина қызметкерлерін қорғау мәселелері Үкіметтің бақылауында тұрғандығын бас айтады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.