Мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды

2 509

Фото: Оpennews.kz ЖИПетропавлда 16 жастағы мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, оларға қала мектептерінің бірінде оқитын оқушыдан туберкулез анықталғаны туралы медициналық ұйымнан шұғыл хабарлама түскен. Сырқат флюорографиялық тексеру барысында белгілі болған.

Оқушы ауруханаға жатқызылды.

“Жасөспірімге бактерия бөлетін туберкулездің ашық түрі (МБТ+) диагнозы қойылды. Қазір ол облыстық фтизиопульмонология орталығында арнайы ем қабылдап жатыр”, – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Басқарма мамандары инфекция ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізді. Қазір науқаспен байланыста болған адамдар, яғни оның отбасы мүшелері, мектептегі оқушылар мен мұғалімдер, сондай-ақ жасөспірім барған емхана қызметкерлері тексеріліп жатыр.Сонымен қатар Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жасөспірім тіркелген медициналық ұйым мен ауру анықталған мекемеге қатысты эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.