Қант диабеті мен БЦП енді “әлеуметтік маңызы бар” ауру емес: Не өзгереді?
Қазақстанда қант диабеті мен балалар церебралды сал ауруы әлеуметтік маңызы бар аурулар санатынан шығарылады. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған диагноздар 2026 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынып тасталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл шешімге сәйкес, мұндай сырқаттарды емдеу енді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейді. Келесі жылдан бастап тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлейтін азаматтар ғана дәрігерге тегін қаралып, дәрі-дәрмек алу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ бұл өзгеріс ревматизммен және дәнекер тіннің жүйелі ауруларымен ауыратын науқастарға да әсер етеді – олардың диагноздары да әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен шығарылады.
Жаңартылған тізімде тек 11 диагноз ғана қалады. Олардың арасында туберкулез, ВИЧ-инфекциясы, вирустық гепатит түрлері, онкологиялық және басқа да ауыр аурулар бар.







