Елімізде маңызы бар дәрі-дәрмектер тапшы

544

 ©Getty images / Автор: Сергей ДаниловХалық дәріханалардағы өмірлік маңызы бар дәрілердің тапшылығына байланысты тиісті препараттарды ала алмай отыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Депутат бағаны реттеудегі қазіргі тетіктердің салдарынан бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызы бар лайықты бағадағы дәрілердің түрі қысқарып, кейбір генерик түрлерінің бағасы тіпті түпнұсқадан да жоғары екенін атап өтті.

Сонымен қатар, емдеуге арналған дәрі-дәрмек пен ісікке қарсы, эндокринологиялық, эпилепсияға қарсы препараттардың, сондай-ақ өмірлік маңызды және басқа топтағы дәрілердің болмауы алаңдатып отыр. Бұл тиімділіктің төмендеуіне және емдеу барысындағы үзілістерге, сондай-ақ рецидивтерге әкеледі.

«Жалпы, бұл мәселе мемлекеттің ерекше назар аударуын қажет етеді. Халықты өмірлік маңызы бар препараттармен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін отандық өндірушілердің ел ішінде, оның ішінде субсидиялау тетіктері арқылы олардың өндірісін жолға қою мәселесін шешу қажет. Бұл тұрғыда өмірлік маңыздағы дәрі-дәрмектердің тізімі анықталуы тиіс. Мұндай тізімдер бүгінде әлемнің 137 елінде жасалып отыр. Бұл өз кезегінде саладағы басымдықтарды анықтауға, сондай-ақ осы препараттарға неғұрлым тиімді баға белгілеу үшін маңызы аса зор», - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.