Нейрохируг мас күйінде ота жасаған деген күдікке ілінді
Үкімет отырысындағы брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында болған қайғылы оқиға - операциядан кейін науқастың көз жұмуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Журналистің айтуынша, Арқалық қаласында науқас хирургиялық ота кезінде қайтыс болған. Қазіргі уақытта хирург мас күйінде жұмыс істеді деген күдікке ілінген.
"Костанайские новости" басылымының жазуынша, операцияны Қостанай облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі жүргізген. Өкінішке қарай, 61 жастағы науқас ота үстелінде қайтыс болған.